2640

SmartAstana қосымшасындағы науқастардың пікірлері негізінде Астана қаласы дәрігерлерінің рейтингісі құрылады

Бұл тәжірибе білім беру саласына да қолданылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру жөніндегі жаңалықпен Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова бөлісті.

«Жақында біз SmartAstana қосымшасында дәрігер рейтінгісі функциясын қостық. Оны жасау өте оңай: кабинеттердің есігіндегі тақтайшадағы QR-кодты сканерлеу арқылы іске асырылады. Кезек күтіп тұрғанда немесе дәрігердің қабылдауынан шыққанда сіз телефоныңыздағы SmartAstana қосымшасын ашасыз,  QR-кодты сканерлейсіз, осы кабинетте қабылдайтын дәрігерлер туралы ақпаратты көресіз, содан соң дәрігердің жұмысына баға беру немесе пікір қалдыру тетігін таңдайсыз», - деді әкімнің орынбасары.

Медициналық ұйымдардың да рейтингісі осылайша қалыптасады.

Малика Бектұрованың айтуынша, барлық шағымдар жедел қарастырылады, және тиісті шаралар қолданылатын болады. Қолданушының сұрағына жауап SmartAstana қосымшасындағы оның жеке кабинетіне түседі. Науқастардың тілектері мен ұсыныстары жинақталып, медициналық мекеменің жұмысында есепке алынады.

«Бұл өте жақсы, жеткілікті түрдегі объективті кері байланыс. Оның қолдан жасалған «лайк пен комментарийлер» емес, тіркелген қолданушылардың  шынайы пікірлері екенін білеміз»,- деді М.Бектұрова.

Рейтинг нақты уақыт режимінде қалыптастырылады. Әкім орынбасарының айтуынша, ол әлі көпшілікке жарияланбаған, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына арналған және медициналық мекеме мен оның қызметкерлерінің жұмысын бағалау үшін қолданылады.

«Бірақ, жарты жылдың немесе бір жылдың қорытындысы бойынша ең үздік немесе кең танымал дәрігерлер туралы ақпарат халыққа жарияланады деп ойлаймын»,- деп қосты спикер.

Бұл тәжірибені Астана әкімдігі білім беру саласына да қолдануды жоспарлап отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109