1131

Изостудияда мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін тегін сабақтар өткізіледі

ҚР Көркемөнер академиясының Астанадағы студиясында «әлеуметтік күн» жарияланды. Мұнда балшықпен жұмыс істеу бойынша тегін оқу курсы өткізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Көркемөнер академиясының» ҚҚ студиясында (Сауран к-сі, 7) балаларға және үлкендерге арналған «Фантазер»  шеберханасы жұмыс істейді. Мұнда олар балшықтан мүсіндерді қолмен жасауды үйренеді. Жақында шеберхана арнайы «әлеуметтік күнді» жариялады.

«Біз аптасына бір күн балаларды тегін қабылдаймыз. Ол маториканы дамытуға мұқтаж балаларға арналған. Міндетті түрде мүгедек балалар емес. Егер балаларға қажет болса, біз ешкімнің қолын қайтармаймыз», - дейді керамика мұғалімі, керамикалық суретші Гүлмира Айкешова.

Суретшінің айтуынша, сабаққа церебральды паралич және аутизм ауруына шалдыққан балалар келеді, бірақ әлі күнге дейін олардың саны аз, себебі «әлеуметтік күн» туралы өте аз адам біледі.  «Біз бұл бастамамызды ешбір жерде жарнамалап жатқан жоқпыз. Мысалы, аптасына екі бала келуі мүмкін. Бізге осы бастамамызды көптеп жарнамалау керек. Бірақ бірден көп баланы тағы қабылдай алмаймыз себебі отырған орнымыз тар»,– дейді мұндағылар .

Сабақтың бірінші бөлігі - қыш ыдыстың дөңгелегіне сүйеніп үйрену, екіншісі - қолмен құю. Ата-аналар көмектеседі, оңай жұмыстарды балалар өздері жасап шығады. 

Гүлмира Айкешованың айтуы бойынша, сабақтың ең таңғаларлық әсері - балалар өздерінің жұмысының нәтижесін көруі: «Сұйық, суық балшықтан әдемі мүсін, зат жасап шығады және оны ол өзімен бірге алып кете алады. Балалар үшін ол үлкен қуаныш».

ҚР Көркемөнер академиясының Астанадағы студиясының ашылғанына 7 жыл толған. Бұл жерге ересектер, балалар, жасөспірімдер келеді. Емтиханға дайындалатындар үшін академиялық бөлім бар, ал қалғандары үшін еркін форматта жаттығулар өткізіледі.

«Менде сабақ берудің қатып қалған форматы жоқ. Әр баланың мүмкіндігіне қарай жеке сабақ беру әдісін таңдаймын. Әр адамның ақпаратты қабылдауы әртүрлі. Мен олардың өздерінен бүгін не жасағысы келетінін жиі сұраймын. Сурет салғысы келе ме, әлде балшықтан мүсін жасағысы келе ме немесе басқа дүние жасай ма, өздері таңдайды»,  – дейді студия жетекшісі Әсел Әлиева. 

Әсел де мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ береді. Ондай сабақтар ортақ топта немесе жеке топта өтеді. Ол баланың мүмкіндігіне және қалауына байланысты.

«Меніңше шығармашылықта шектеу болмауы тиіс, барлығымен жұмыс істеуге болады. Егер бір кедергілер болса, оны реттеуге болады. Шығармашылық іс-шаралар психо-эмоционалды жағдайға жақсы әсер етеді, демек физикалық жағынан да жақсы болуы тиіс. Өз тәжірибем бойынша айтайын: эмоционалдық жағдай теңдестірілгенде, физикалық жағдай жақсарады. Екеуі бір-бірімен өте тығыз байланысты», – деп есептейді мұғалім.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар және жалғызбасты аналардың балалары үшін студияда жеңілдіктер ұсынылады.

Әлеуметтік жобаны «Astana ӘКК» АҚ-ның коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану жөніндегі бағдарламасының арқасында жүзеге асыру мүмкін болды.

Мәтін және суреттер: Влада Гук

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109