1163

Шаруашылық зәрнәжіс суын белгіленбеген орынға төккені үшін жүк көліктің жүргізушісі ұсталды

Жыл басынан белгіленбеген орындарда зәрнәжіс суын төккені үшін 60-қа жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы соммасы 2 млн. 500 мың теңгеден асады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осылайша, 10 наурызда Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері қала аумағын аралау барысында белгіленбеген орында, яғни Ақжар көшесінің бойында шаруашылық зәрнәжіс суын төккен «ГАЗ 5312» көлігінің 53 жасар  жүргізушісін қолға түсірді. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция басқармасы хабарлады.

Елорда тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу…»  бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК (50 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Жыл басынан белгіленбеген орындарда зәрнәжіс суын төккені үшін 60-қа жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы соммасы 2 млн. 500 мың теңгеден асады.

Қаламыздың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында Астана қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері шаруашылық зәрнәжіс суын белгіленбеген орындарға төгуге жол берілмеуге  бағытталған іс-шараларды, тұрғындар арасында әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін тағайындалатын жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109