1070

Елорда әкімдігінің тобы футболдан Qazaqstan qyzmet cup-2019 жеңімпазы атанды

Финалдық күресте  әкімдіктің спортшылары Мәдениет және спорт министрлігінің құрамасын жеңді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жүлде үшін 24 топ күресті, олардың қатарында Президент әкімшілігі, Парламент, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, бірқатар министрліктер, ұлттық компаниялар, Астана әкімшілігінің құрамалары бар.  

Ақтық сында Астана әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің құрамалары кездесті. Жеңіске 3:2 есебімен қалалық әкімшіліктің қызметкерлері жетті.

«Qazaqstan qyzmet cup екінші рет өтіп жатыр. Жазда жазғы кубок үшін турнир өтеді. Ал бүгін, басты жүлделерден бөлек, біз ең үздік ойыншыларды атап өтеміз. Финалдық матч өте қызық әрі нәтижелі болды», – деді «Qazaqstan sport league» қоғамдық бірлестігінің басшысы Әмір Серікбаев.

Жүлдегерлерден басқа ең үздік шабуылшы, қорғаушы және қақпашы, сонымен қатар ең мықты голдың авторы анықталды.

Турнирді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Мәдениет және спорт министрлігімен, Астана әкімдігімен, Қазақстан футбол федерациясымен, «Нұр Отан» партиясымен, «Qazaqstan sport league» қоғамдық бірлестігімен,  «Аманат» спорт кешенімен бірлесіп ұйымдастырған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109