1385

Иммунитет әлсіреген жағдайда не істеу керек?

Дәрігерлер иммунитет төмендеген жағдайда немесе оны арттыру үшін не істеу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Иммунитеттің төмендеуіне тек ұзақ қыс ғана емес, стресстер, дұрыс емес өмір салты, зиянды әдеттер әсер етеді. Созылмалы аурулар мен аллергия да бұған әсерін тигізбей қоймас.

«Суыққа шалдығу, түтіккен шаштар, тырнақтардың қатпарлануы. Бұл белгілердің барлығы денсаулығыңызда кінәрат бар екенін білдіреді. Ол – өз денсаулығыңды тексерудің тағы бір көрсеткіші», – дейді № 10 емхананың жоғары санатты терапевт-дәрігері Хадиша Мұқатаева.

Иммунитетті көтеру үшін, оның пікірінше, бірінші кезекте дұрыс және теңдестірілген күйде тамақтану керек.

«Бірінші кезекте, иммунитетті көтеру үшін тамақтануды қайта қарастыру керек. Қазір көптеген көкөністер мен дәмдеуіштерді пайдалану керек. Зімбір, даршын, қалампыр, барбарис, кориандр, алжелкек иммунитеттің жоғарылауына ықпал етеді. Олар адам организмінің вирустар мен инфекцияларға қарсы күресуіне жақсы көмектеседі. Иммунитетті қолдау үшін сәбіз де өте пайдалы. Онда шашты нығайтатын А дәрумені бар», – дейді ол.

Сонымен қатар, шынығу ағзаның қорғаныс күшін нығайтуға көмектеседі. Біз суық душ қабылдағанда, уақыт бөлігін біртіндеп арттыра отырып, контрасты душ қабылдаудан бастау керек. Суық сумен шайынып тұрған абзал.

Сонымен қатар, дәрігерлер кез келген поливитаминді қабылдауды ұсынады.

Иммунитетті нығайту ісінде тағы бір маңызды компонент – спортпен айналысу.

Сондай-ақ, оң эмоциямен қуаттану үшін массаж сынды терапияларды қосуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109