2321

Астананың төрт тұрғын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылады

Спорт залдарынан басқа бұл жерлерде халыққа қызмет көрсету орталықтары, кітапханалар және полиция бөлімшелері бой көтереді деп жоспарлануда. Аталмыш жоба елорда әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен өткен қала құрылысы мәселелеріне арналған кеңесте бекітілген болатын деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің жобалы-сметалы құжаттамасы Көктал-2, Ильинка, Өндіріс және Железнодорожный тұрғын үй алаптарында құрылыс жүргізу үшін өнделіп жатыр. Құрылыс жұмыстары биыл басталмақ.

Жоба бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің ішінде әмбебап спорт залдары, күрес және бокспен айналысатын залдар, ХҚКО-ның бөлімі, егде жастағы адамдардың қызығушылығы бойынша клубтар, медпункт және полиция бөлімшелері, кітапханалар, балалардың қысқа уақытқа қалатын бөлмелері, буфет және басқа да қосымша бөлмелер болады.

Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бірінші қабатқа кедергісіз жету жолдары және  екінші қабатқа мінуге арналған лифт, санитарлық тораптармен жабдықталады.

Мекеменің жалпы ауданы 2600 шаршы метр, жоспардағы көлемі 45,0х48,0 метр.

Бір ауысымда кешенге келетін адамдардың максималды саны: 260 клиент, 36 қызметкер.

Жобада энергияның альтернативті көзі ретінде  гелиоқұрылғылы күн электр панелдері қарастырылған. Кешендер көлік қоятын орындармен қамтамасыз етіледі.

Астанада «Шетсіз қала» бағдарламасы жүзеге асуда, оның аясында қала әкімшілігі дамып келе жатқан аудандар мен тұрғын алаптарында өмір сапасын жақсарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109