1942

Жыл басынан мүмкіндігі шектеулі 200-ден астам азамат жұмыспен қамтылды

Қалалық жұмыспен қамту орталығы қызметінің маңызды бағыттарының бірі – халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік қолдау көрсету, оларды жұмысқа орналастыру және қоғамдық өмірге тарту, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Мүмкіндігі шектеулі адамдар мына сайттан бос жұмыс орындарын көре алады: www.enbek.kz. Сондай-ақ, олар жергілікті еңбек инспекциясы органына өтініш білдіруі қажет.  Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірген кезде өзімен бірге мынадай құжаттар болуы қажет: ЭЦҚ кілті, жеке куәлік, білімі туралы құжат (диплом), еңбек кітапшасы, мүгедектігі туралы анықтама, жеке оңалту бағдарламасы», – делінген жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жыл басынан орталыққа 200-ден астам мүмкіндігі шектеулі жаннан өтініш келіп түсті. Оның 174-і қоғамдық жұмыстарға жіберілсе, 30-ы тұрақты жұмысқа орналасты.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға жұмыспен қамту, оның ішінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің әлеуметтік, қоғамдық, бос жұмыс орындарына жіберу, лайықты жұмысты таңдау сынды белсенді қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, олар кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өте алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109