497

Астананың Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы құрылды

Ұйымның төрағасы болып Сансызбай Есілов сайланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыс тобы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлады.

6 және 19 ақпан аралығында Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсқа қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардан құжаттар қабылданған болатын.  

«Жалпылай алғанда, 47 арыз келіп түсті. Екі үміткер қалада тіркелмегендіктен, конкурсқа жіберілген жоқ», – деп түсіндірді Қоғамдық кеңесте.  

Жаңадан құрылған Қоғамдық кеңестің құрамында 25 адам бар. Олардың үшеуі – мемлекеттік органдардың, жиырма екісі – конкурстық негізде сайланған азаматтық қоғамның өкілдері.

Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Сансызбай Есілов сайланды. Хатшы қызметін Мұхтар Еркетаев атқаратын болады.  

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы 6 наурыздағы мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109