2366

Астанада «қауіпсіздік аралдарымен» жабдықталған реттелетін жаяу жүргіншілер жолдарының санын арттыру керек

Қалалық мәслихатта елордадағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасына арналған тыңдаулар өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астанадағы жол-көлік оқиғаларының статистикасы мен жолдардағы апаттар себептерінің талдау қорытындыларын Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Елжан Чупеков келтірді.

Спикердің атап өтуінше, 2018 жылдың қорытындыларына сәйкес Астанадағы ЖКО-ның саны едәуір қысқарған. ЖКО жалпы саны 9,5 пайызға төмендеген.

ЖКО-ның негізгі себептерінің бірі – жүргізушілердің реттелетін қиылыстардан өту ережелерін бұзуы. Атап айтқанда, жүргізушілер қарсы бағытта қозғалып келе жатқан көлікті өткізбейді. Осының нәтижесінде қайғылы жағдай орын алады.

Астанадағы ЖКО-ның санын азайту мақсатында 2018 жылы 15 қиылыста солға бұрылу мүмкіндіктері алынды. Сол жақ бұрылыстарды болдырмау мүмкін емес жерлерде 24 мекен-жай бойынша сол жақ бұрылысты кедергісіз, авариясыз орындауға мүмкіндік беретін қарсы қозғалысқа тыйым салынғанын білдіретін «+» белгісі бар бағдаршам секциялары қосымша орнатылды. Аталмыш жұмыстар биыл да жалғастырылатын болады.

«Сонымен қатар, «қауіпсіздік аралдарын» салу және жаяу жүргіншілерге арналған бағыттаушы қоршауларды орналастыру арқылы реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерінің санын ұлғайту қажет», – деді ол.  

Аталмыш шешім жолдардың өткізу қабілеттілігін арттыруға, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын ЖКО-ның санын азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, алты, одан көп жолақты магистральді көшелердің қозғалыс бөлігін арнайы бөлуші жиектастармен жабдықтау ұсынылды. Осылайша қарсы бағытта келе жатқан көлік ағыны бөлінбек

«Ұсақ ЖКО-ның барлығы дерлік жүргізушілердің алаңғасарлығынан, көбіне көлікті басқара отырып, ұялы телефон арқылы сөйлесуінен орын алып жатады. Бұл енді біз үшін сор! 2018 жылы әкімшілік жауапкершілікке 4 мыңнан астам жүргізуші тартылған болатын. Аталмыш құқық бұзушылықтар санының өсіміне орай Полиция департаменті бұл жұмыстарды «Сергек» камералары арқылы автоматтандыруды ұсынды», – деп мәлімдеді Е. Чупеков.  

Спикер, сондай-ақ,  автомобилизация өсімі (2018 жылы қалалық автопарк көліктің 25 732 бірлігіне ұлғайды), халық санының 4,8% пайызға артуы сияқты жолдардағы апаттылық факторларын атады. Мұнымен қоса, қалалық көше-жол желісі 4,5% ұлғайды.

«Елорда халқы санының өсуіне байланысты жаңа тұрғын алаптарының құрылысына деген сұраныс та артады. Ол кезегінде көшелер мен жолдардың құрылысынан едәуір қарқынды жүргізіледі. Осының нәтижесінде бағдаршамдармен жабдықталмаған қиылыстар мен реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдері пайда болады», – деп қосты баяндамашы.  

Елорда көшелеріндегі жағдайды бақылауды күшейту мақсатында әкімдіктің қолдауымен ЖҚЕ бұзуды тіркейтін «Сергек» АБК автоматтандырылған жүйелердің желісі кеңейтіліп жатыр. Сонымен қатар,  бұдан бұрын орнатылған втоматтандырылған жүйелер пайдаланылуда. Елжан Чупековтың мәлімдеуінше, камералардың көмегімен 500 мыңға тарта бұзушылық анықталған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда алты есеге артық. 2018 жылы  электронды құрылғылардың көмегімен тіркелген бұзушылықтар үшін жүргізушілерге 347 572 ұйғарым жіберіліпті. Апаттылықты талдау есепке алына отырып, биыл 105 учаскеде және 332 қиылыста 4 мыңнан астам «Сергек» камерасын орнату жоспарланған.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109