1273

Астанада есту қабілетін жақсартатын мектеп ашылды

№ 2 қалалық емхананың базасында есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ата-аналарына  арналған мектеп ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Дәрігерлер есту қабілетінің нашарлауының алдын алуға санитарлық-ағарту жұмысын жүргізуді жоспарлауда. Мұнда есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ата-аналарымен әңгіме жүргізілетін болады.

«Мен есту қабілеті бұзылған балалардың ата-анасымен байланыс орнатқым келді. Одардың жалғыз еместігін көрсетіп, мәселелерін шешуге болатынын көрсеткім келді. Кей балалардың есту қабілетінің нашарлығы дер кезінде анықталса, емдеуге болады. Сабақты айына екі рет өткізу жоспарлануда», – деді №2 қалалық балалар ауруханасының сурдолог дәрігері Әсел Құдайбергенова.

Есту қабілетін нашарлататын аурудың кейбір түрлері пациентте өмір бойы болады, сол себепті білімді толықтырып отыру қажет.

Дәрігердің айтуынша, есту және сөйлеудің қазіргі замандағы диагностикасы мен емі, түзеу және оңалтудың арқасында баланың дамуы өзінің құрбы-құрдастарынан кем болмайды.

 «Интернеттен оқып алып немесе халықтық әдістермен ем қабылдаудың қажеті жоқ. Баланың есту және сөйлеуінің нашарлығын дер кезінде анықтап, дұрыс ем қабылдамау баланың дамуына кері әсерін береді. Тек кәсіби маман ғана дұрыс диагноз қоя алады. Ал қазіргі заманғы медицина кемшілікті ерте кезден анықтап, дұрыс ем белгілеуге мүмкіндік береді», – дейді Әсел Құдайбергенова.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109