1420

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Атамекен» палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Екі жақ елордамыздағы кәсіпкерлерге тіл саясатын насихаттау жұмыстарын жандандыруды көздеуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кеше Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Меморандумның мақсаты – тіл саясатын елордамыздағы кәсіпкерлерге насихаттау жұмыстарын жандандыру, заң талаптарын түсіндіру шараларын бірлесіп атқару», – деп мәлімдеді ведомствода.

Меморандум  аясында келесі іс-шаралар жүзеге асырылмақ: «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» жобасының аясында акция өткізу; шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметінде заң талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу; кәсіпкерлерге тіл туралы заңнама талаптарының нормаларын түсіндіру, әдістемелік-көмек көрсетуді бірлесе атқару; нысан атауларына қатысты қаланың тілдік келбетін біріздендіру бойынша ұсыныстар беру; жарнама саласындағы өзекті мәселелер бойынша бірлескен отырыстар, семинар-тренингтер, конференциялар өткізу.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109