1227

Жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу қойылды

Ақмола облысында шектеулер 23 наурыз бен 1 мамырға дейін енгізіліп отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығымен жыл сайын көктемгі мезгілде дара білікке жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлайды.

Осы шектеулер V жол-климаттық аймағында (Алматы обл., Атырау обл., Жамбыл обл., Қарағанды обл. (Жезқазған өңірі), Қызылорда обл., Маңғыстау обл., Оңтүстік Қазақстан обл.) - тиісті жылдың 1 наурызынан 1 сәуір аралығында, IV жол-климаттық аймағында (Ақмола обл., Ақтөбе обл., Шығыс Қазақстан обл., Батыс Қазақстан обл., Қарағанды обл. (Қарағанды өңірі), Қостанай обл., Павлодар обл., Солтүстік Қазақстан обл.) – осы жылдың 23 наурызынан 1 мамыр аралығында әрекет етеді.

Өз кезегінде шектеулер жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларын, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді, азық-түліктерді, жолаушылар мен багаж, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына таратылмайды.

Осыған байланысты, автокөлік құралдарының параметрлері рұқсат етілген параметрлерден асқан жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат бланкілерін алу қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша байланыс телефоны: 8(7172) 54-61-34.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109