1132

Байқоңыр ауданы өзінің бір жылдығын тойлауда

Елорданың ең жас ауданына 1 жыл толды. Әкімдік аппаратының бір жылдық жұмысы ғылыми-тәжірибелік конференцияда қорытындыланды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Соған байланысты бүгін «Астананың дамуындағы Байқоңыр ауданының алатын орны» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

«Таяуда біз бүкілхалықтық мереке – Наурыз мейрамын тойлаймыз, сонымен қатар, біздің ауданның тұрғындары «Байқоңырдың» туған күнін тойлауы заңдылықты.  Бұл ауданда ескі Целиноград пен Ақмоланың рухы сақталған. Мен үшін біздің сүйікті ауданымызды басқару үлкен абырой, әрбір тұрғынның маған сенім артқаны үшін алғыс білдіремін!», – деді аудан әкімі Ерлан Каналимов конференция қатысушыларына.

Қазіргі кезде аудан әкімінің аппаратында 44 штаттағы қызметкерлер еңбек етеді. Аппараттың қызметі әлеуметтік сала, ауданның жағдайын жақсарту саласы, инфрақұрылым және қамтамасыз ету саласы және аппарат менеджменті сияқты төрт бағытта құрылған.  

Аудан құрылған күннен бастап әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізілуде, ауданның тек орталық бөлігін емес, сонымен қатар, басқа да тұрғын алаптарының жағдайын жақсарту мақсаты қойылды.

Аудан әкімі аппараты бір жылда 400-ден аса мәдени-қоғамдық, 37 қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды. Жалпы ұзындығы 16 553,6  шақырымды құрайтын 52 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, 53 аула абаттандырылды, 17 мың шақырым асфальтті-бетонмен қапталған 36 орамішілік аула мен жолдар жөнделді, 62 көшеде жарықты жөндеу жұмыстары жүргізілді, QR-кодты аншлактардың  шамамен 1,1 мыңы ауыстырылды, ардагерлер үшін 6 шағын орталық, үш жаттығу алаңы,  иттерді серуендетуге арналған орын ашылды, 2 179 ағаш, 2 000 бұта, 15 762 шаршы метр гүлзар отырғызылды.

Аудан әкімдігінің қызметкерлері тәулік бойы тұрғындармен кез-келген мәселе бойынша байланыста болады. Аудан әкімі аппаратының сайты жұмыс істейді, әлеуметтік желілерде ресми аккаунттар ашылды (Инстаграм, Facebook), WhatsApp-мессенджерге нөмір бөлінген. Барлық осы бағыттар бойынша аудан тұрғындарынан шағымдар, өтініштер және ұсыныстар қабылданады.

«Бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды. Бұл жұмыс ары қарай жалғасады. Көпшілігіңіз білесіз, аудан қарапайым емес, түрлі сипаттағы мәселелер бар. Бүгінгі таңда біз сол мәселелер бойынша Жол картасын бекіттік, бір жыл ішінде барлық мәселені шешеміз деп ниеттенеміз», – деді Е.Каналимов.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, маслихат депутаттары, әкімшілік ведомстволарының басшылары, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының мүшелері қатысты.

 



Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109