1345

Астанада 108 бағдаршам ITS жүйесіне қосылған

ITS  жүйелерін пайдалану есебінен жергілікті учаскелердегі көліктік ағынның жылдамдығы 18%-ға, жолдардың өткізу қабілеттілігі 40%-ға арттырылып, жолдағы уақыттың орташа ұзақтығы 20%-ға қысқарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астанадағы интеллектуалды көліктік жүйенің (ITS) дамуы туралы мәслихатта өткен жиында қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин айтып берді.

Басқарма басшысының айтуына қарағанда, елордада 475 бағдаршам нысаны орнатылса, олардың 108-і ITS жүйесіне қосылған.

«2019 жылы ITS жүйесіне қосымша 31 бағдаршам нысанын қосу, 40 ақпараттық тақталарды, 135 радиолокациялық детекторды, 87 видеодетекторды және 10 нысанда 30 бейне-бақылау камерасын орнату, сондай-ақ, 32 шақырымға талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеуді жалғастыру жоспарланған. Бұл көлік ағынына әсер ететін негізгі көліктік тораптарды қамтуға, көше-жол желісіндегі жүктемені біркелкі бөлуге және оның өткізу қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді спикер.  

2021 жылға дейін ITS үшінші кезегі аяқталады деп жоспарлануда. Оның аясында 118 бейімдендірілген бағдаршам нысаны орналастырылып, қолданыстағы 139 бағдаршам түзеледі, 68 бағдаршам жөнделеді, жолаушыларға арналған 110 ақпараттық тақта, 30 бейне-бақылау камерасы орнатылады, 40 шақырымға ТОБЖ төселеді, сондай-ақ, трафикті басқарудың қосымша орталығы құрылады.

Тұрғындардың өтініштері бойынша 2018 жылы жол қозғалысы қауіпсіздігімен қамтамасыз етілуі тиіс жерлерде 32 қарапайым бағдаршам орнатылды. 2019 жылы бірінші кезеңде 8 бағдаршам орнатылады деп жоспарлануда. Апатты учаскелерде қосымша 39 бағдаршамды жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кестеге сәйкес мамырда сараптама дайын болады. Тағы да 38 бағдаршамды жобалау жоспарланған.

«Балалардың қатысуымен болатын ЖКО алдын алу үшін мектептер, балабақшалар сияқты адамдар көп жиналатын орындардың маңындағы аумақтарда жол қозғалысын ұйымдастыру талдаудан өткізілді. Ұзындығы мыңнан астам погонды метр болатын 40-тан астам учаскеде жасанды жол кедергілері, 128 жол белгісі мен «Балалар» деген жазуы бар 14 қалқан орнатылған болатын»,  – деді А. Қарағойшин.

Еске салайық, ITS бірінші кезегі 2014 жылы пайдалануға берілген болатын. ITS жобасына бағдаршам нысандарын бейімдеп басқару, қоғамдық көлікті диспетчерлендіру, жолаушыларды ақпараттандыру, қиылыстарда бейне-бақылау жүйелері енген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109