1178

Астаналық дәрігерлер бүйрек ауруларын уақытында емдеуге шақырады

№1 қалалық ауруханада бүйрек аурулары бойынша ғылыми-практикалық  конференция өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Науқанның мақсаты – бүйректің созылмалы ауруларының алдын алу, диагностикасы және емі туралы халыққа мәлімет беру, сонымен қатар салауатты өмір салты мен дене шынықтыруды насихаттау.

 «Науқастар ауруханаға ауру асқынған кезеңде түспеуі үшін біз тұрғындарға, медицина қауымдастығына, әсіресе бастапқы буындағы дәрігерлерге созылмалы бүйрек ауруларын ерте кезеңде диагностикалау маңызды екендігін айтуымыз керек», – деді №1 қалалық аурухананың нефрология бөлімінің меңгерушісі  Думан Туребеков.

Оның айтуынша, бүйректің созылмалы ауруы бүкіл әлемдегі қоғамдық денсаулық сақтау үшін күрделі мәселе болып табылады. Оның салдары бүйрек жеткіліксіздігі ауруына және науқастарды уақытынан бұрын өлімге алып келуі мүмкін. Қазіргі кезде БСА өлімге алып келетін себептердің ішінде алтыншы орында: әлемде 850 миллион адам түрлі бүйрек ауруларына шалдыққан. БСА-нан жылына 2,4 миллион адам қайтыс болады, ал СБА-ның дамуына алып келетін аса маңызды себептің бірі – жедел бүйрек жеткіліксіздігіне жылына 13 миллион адамның шалдығатындығы.

2018 жылы статистика мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында 6502 науқас гемодиализ бағдарламасынан өткен (2017 жылы - 5720). Қазіргі кезде Астанада 368 науқас бүйрек ауруларының  ауыр қайтымсыз кезеңімен зардап шегеді, олар жасанды бүйрек қызметінсіз өмір сүре алмайды. Олар бірінші топ мүгедектері болып табылады.

«Қауіпті азайту үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанып, арериалды гипертензия, қант диабеті, семіздік және т.б. ауруларды дер кезінде емдеу керек.  Созылмалы бүйрек ауруының бесінші кезеңінен басқа барлық кезеңі симптомсыз немесе аз симптомдармен өтеді, себебі ағза ондай жағдайға бейімделеді», – деді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109