1282

№ 59 мектеп-лицейде инновациялардың оқыту процесінде қалай енгізіліп жатқаны жайлы айтылды

№ 59 мектеп-лицейде «ІТ  mektep – тұлғаның интеллектуалды-шығармашылық әлеуетін дамытудың ақпараттық ортасы» тақырыбында  инновациялық шеберлік сағаттары өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Біз ІТ-технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану тәжірибесімен бөлісу мақсатында информатика, математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі пәндері мен  бастауыш сыныптардың мұғалімдерін шақырдық. Мектепте ақпараттандыру жобасын енгізу аясында біз бүгін ақпараттық-білім беру кеңістігінің жұмысын көрсеттік. Мұғалімдер оқыту процесінің әдістемесімен, оның мазмұнымен, STEM-зертханалармен танысып, физика, химия, информатика, робот техникасы кабинеттерінің қалай жұмыс істейтінін көрді», – дейді  № 59 мектеп-лицейдің директоры Алма Жұмабекова.

Оның айтуына қарағанда, ақпараттандыру бағдарламалық құрауыштардан басталады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектепте электронды турникет жұмыс істейді. Осылайша мектеп оқушылары мен мұғалімдері өздерінің көліктік карталары арқылы ғимаратқа кіре алады. Сондай-ақ, осы картаның көмегімен олар мектеп асханасында да төлемдерді жүзеге асырады.

Сонымен қатар, мұнда мектепішілік электронды құжат айналымы жүйесі ұйымдастырылған. Оның аясында барлық оқушыларға қатысты жеке мәліметтер цифрландырылды, кітапханамен байланысы бар медиатека әзірленуде.

Мектепте цифрландыру процесі қарқынды жүргізіліп жатыр. Шеберлік сағаттарының аясында химия, биология, физика пәндерінің мұғалімдері сандық технологиялардың оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін көрсетіп қана қоймай, мамандандырылған сабақтарды да өткізді. Робот техникасы қойылған көрмеде мектеп оқушыларының STEM- зертханаларда дайындаған жұмыстары ұсынылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109