759

Астана қаласы ҚХА-да «Президентінің «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде айтқан әлеуметтік бастамалары талқыланды

«Астана Орманы» ЖШС-де Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің жиыны өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жиын барысында  «Nur Otan» партиясының  спикері Кенжеболат Бапишев «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде айтылған әлеуметтік басымдықтар туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілі Татьяна Глазунова  атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жүйесі жөнінде түсіндіріп, қатысушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, Қазақстанның әлеуметтік-бағдарланған мемлекет ретіндегі дамуы және азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету тақырыптары талқыланды.

Өз кезегінде, елордалық ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова жергілікті биліктің  қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар және әлеуметтік қолдау бағдарламаларды  іске асыру барысы жөнінде әңгімеледі.

Шараға Астана қаласы ҚХА Қоғамдық кеңесінің мүшелері, «Астана Орманы» ЖШС-ның еңбек ұжымы, «Nur Otan» партиясының өкілдері қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109