1322

Астаналық кәсіпорында газ баллоны жарылды: оқиға орнына елорда әкімі барды

Елордадағы кәсіпорындардың бірінде газ баллоны жарылды. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

15 наурызда сағат 17:06-да Орталық «101» пунктіне Алаш тас жолы, 65/1 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратта газ баллоны жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«8 минуттан кейін оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметінің кезекші бөлімдері газ баллоны жарылуының нәтижесінде «МолПродуктсервис» ЖШС ғимаратының төбесі құлағанын анықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша оқыс оқиға орын алған жердің ауданы 300 шаршы метрді құрайды.

Жарылыс нәтижесінде 3 адам зардап шекті. Олар қалалық № 1 ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда оқыс оқиға орын алған жерде Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 22 адамы мен 6 техникасы жұмыс істеуде», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиға орнына тез арада қала әкімі Бақыт Сұлтанов, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер, Астана қаласы ТЖД басшысының міндетін уақытша атқарушы Марғұлан Аманбаев, Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов жетті.

Жарылыс нәтижесінде зардап шеккен 1991 жылы және 1970 жылы туған азаматтар 2-3 дәрежелі термиялық күйікпен қалалық № 1 аурухананың интенсивті терапия бөліміне жатқызылды.

1979 жылы туған тағы да бір зардап шегуші ТОҒЗИ-на жеткізілді. Оның диагнозы анықталып жатыр.

Зардап шегушілерге қажетті көмек толық көлемде көрсетілуде.

Оқиға орнында жедел жәрдемнің 2 бригадасы кезекшілік атқарып жатыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109