2199

Астана маңындағы елдімекендерде Наурыз мейрамы тойлануда

Кеше, 19 наурызда «Железнодорожный» және «Промышленный» тұрғын алаптарында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау басталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жиналған қауым мерекелік концерт тамашалап, тоғызқұмалақ пен асық ату ойындарында шеберлік байқасты, ұлттық тағамдардан дәм татып, киімдер көрмесін тамашалады. Концерттік бағдарлама Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасымен ұйымдастырылды. Клара Төленбаева, Дос, «Арт-Домбыра» және «Аламан» триолары, «Сарыарқа» және «Диарт» топтары, «Інкәрім» би ансамблі, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің Гран-при иегері Жақсыкелді Маясаров және басқа да қазақстандық эстрада жұлдыздары келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, Промышленный тұрғын алабының «Замандастар» ардагерлер хорының солистері мерекеге арнайы дайындаған шығармаларын орындады. Бұдан басқа, аниматорлар мен бойшаң қуыршақтардың қатысуымен балаларға арналған интерактивті ойын-сауық ұйымдастырылды, тоғызқұмалақ пен асық ату жарыстарының жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталды.

Промышленный тұрғын алабының құрметті тұрғыны, «Замандастар» ардагерлер хорының бас солисі Жеңіс Бейсембаев қала тұрғындарын көктемгі мерекемен құттықтады: «Құрметті астаналықтар, Промышленный тұрғын алабының тұрғындары! Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Баршаңызға бақ-береке, молшылық, бақыт пен бар жақсылықты тілеймін. Қазақстан, алға!».

Еске салайық, тұрғын алаптарында Наурыз мейрамына орайластырылған халықтық серуендер жалғасын табады. 21 наурызда сағат 11:00-де Пригородный және Үркер, ал 22 наурызда сағат 11:00-де Казгородок, Өндіріс, Көктал-1 және Көктал-2 кенттерінде Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шаралар өтеді. Ал Интернациональный және Мичурино тұрғын алаптарыныңтұрғындары мерекелік концертті 18 наурызда тамашалаған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109