1871

Елорданың сол жағалауында үш автобус соқтығысты

Зардап шеккендердің саны анықталуда, оқиға орнына қала әкімі барды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, 26 наурызда Ұлы дала мен Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысында үш автобус және  жеңіл көліктердің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды.

«Қала маңына қатынайтын № 303 маршрутты автобус № 12 бағдарлы автобуспен соқтығысқан. Осының салдарынан № 53 бағдарлы автобустың жолаушылары мен жедел жәрдем көлігіндегі азаматтар да зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша құрбандар мен жарақат алғандар бар. Жол апаты салдарынан жеңіл көліктер де зақымданған. Оқиғаның анық-қанығы туралы ақпаратты қосымша хабарлаймыз», – деп мәлімдеді «Астана LRT» компаниясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Науат Азанбаева.  

Елорда әкімі оқиға орнына барды. Қазір зардап шеккендердің саны анықталып жатыр, ал жарақат алғандарға дәрігерлер көмек көрсетуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109