4247

Қоғамдық көліктердің қақтығысуының салдарынан 2 адам мерт болып, 24 адам түрлі жарақат алды

Автобус жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің берген ақпаратына қарағанда, қазіргі таңда апат салдарынан 2 адам мерт болып, 27 адам түрлі жарақат алған.  

Автобустың 53 жастағы жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушысы қаза тапты.

Қалалық №2 көпбейінді ауруханаға 25 адам жеткізілді. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр. Үш адамға ота жасалып жатыр. Тағы үшеуі интенсивті терапия бөлімінде.

Жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшері қалалық №1 аурухананың нейрохирургия бөліміне «жабық бас сүйек-ми жарақаты» диагнозымен жатқызылды. Жедел жәрдем көлігінің бригадасы да ЖКО салдарынан зардап шекті. Жедел жәрдем бригадасының тағы да бір фельдшері тізе жарақатымен Орталық жол ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы қанағаттанарлық. Енді ол амбулаторлық ем қабылдайтын болады.  

Оқиға орнында жедел жәрдем қызметінің 22, АМО-ның 1 бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Бүгін Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында 3 автобус пен бірнеше жеңіл көліктің қатысуымен ірі ЖКО орын алды.

«Қала маңына қатынайтын № 303 маршрутты автобус № 12 бағдарлы автобуспен соқтығысқан. Осының салдарынан № 53 бағдарлы автобустың жолаушылары мен жедел жәрдем көлігіндегі азаматтар да зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша құрбандар мен жарақат алғандар бар. Жол апаты салдарынан жеңіл көліктер де зақымданған. Оқиғаның анық-қанығы туралы ақпаратты қосымша хабарлаймыз», – деп мәлімдеді «Астана LRT» компаниясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Науат Азанбаева. 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109