6014

Бақыт Сұлтанов ЖКО-нан қайтыс болған азаматтардың отбасына көңіл айтты

Қала әкімі бүгінгі жол көлік оқиғасынан қайтыс болғандар отбасына және зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қайтыс болған жандардың туған-туыстарына әкімдік атынан және өз атымнан қайғыра көңіл айтамын. Бүгінгі ЖКО-сы салдарынан екі адам қайтыс болып, 36 адам түрлі жарақат алған. Қазір олар медициналық көмек алуда», - деді Бақыт Сұлтанов әкімдікте өткен жиналыста.

Осы орайда әкім бүгінгі жол көлік оқиғасынан қайтыс болғандардың отбасына, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді және ЖКО-ның себебін анықтауды тапсырды.

Сонымен қатар, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Қамалжан Надыровтың айтуынша, оқиға орнында жедел жәрдемнің 19 бригадасы жұмыс жасауда.

Барлығы 36 адам зардап шеккен, екі адам қайтыс болып, 26 адам ауруханаға жатқызылған. Қазір үш адамға операция жасалуда, тағы төрт адам дайындалуда. Олардың қатарында 1983 жылы туған Филипин елінің азаматы бар, оның жағдайы ауыр. Алдын ала диагнозы: «Кеуде қуысы жарақаттанған және жамбасы сынған». Зардап шегушілермен психологтар жұмыс істеуде», – деді Қ. Надыров.

ЖКО-на жедел жәрдем көлігі де түскен. Оның ішінде екі фельдшер мен жүргізуші болған. Жүргізуші дін аман. Ал бір фельдшер жабық бас сүйек-ми жарақатымен бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген.

Осыған дейін хабарланғанымыздай, бүгін Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобус және  жеңіл көліктердің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алған. Қала маңына қатынайтын № 303 маршрут автобусы № 12 бағдар автобусымен соқтығысқан болатын.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109