2739

Қуыршақтардың да жаны бар

Ең жақсы сыйлық – шын көңілден дайындалған сыйлық. Ал қолдан жасалған қуыршақтарды әмбебап сыйлықтар қатарына жатқызуға болады. Қуыршақтардың қалай жанданатыны жайлы елордалық әкімдіктің ресми сайтының тілшісіне шебер Алия Еслембаева айтып берді.

«Балалық шақ қайда кетеді, қай қалаға барады?..». Қуыршақтар мен ойыншықтар туралы ойлағанда, осы тамаша ән жолдары жадымызға бірден оралады. Алия керемет ойыншықтарды тек балаларға ғана емес, сонымен қатар, ересектерге де арнап жасайды.

Шығармашылық шеберханасында жұмыс үстеліндегі ұқыпты жинақталған өте көп материалдар, моншақтар, түрлі түсті жіптер көзге бірден түседі. Сондай-ақ, болашақ кейіпкерлердің түрлі кескіндері де бар.   

«Қуыршақ тігуге деген қызығушылық маған әжемнен берілді. Алғашқы үлкен, қызыл, барқыттан жасалған ойыншық мысығымды мен бірнеше жыл бұрын тіктім. Одан кейін аспазшыларды, Тильда қуыршақтарын, жануарларды тіге бастадым. Соңғы кездерде менің жұмыстарымның арасынан кез-келген дизайнды толықтыратын интерьерлік заттарды табуға болады», – деді Алия Еслембаева.

Шебердің еңбектерінің арасынан қуыршақтарды, түрлі жануарларды, Тильда қуыршақтарын, гномдарды және интерьерлік заттарды табуға болады, ол заттар тек балаларды ғана қуантып қоймай, сонымен қатар әдемілік пен жайлылықты сүйетін жандардың да көңілдерінен шығады.

«Менің барлық жұмыстарым Қазақстан бойынша таралған. Қуыршақ тігуге бір күннен бірнеше күнге дейін кетеді. Ең бастысы, менің жұмыстарым экологиялық таза, құрамында синтетика жоқ. Олармен өте кішкентай балалар да ойнап, бірге ұйықтай алады. Ал көрмелерде менен көбінесе аспазшылар мен тақырыптық экземплярларды сатып алады», – деді шебер.

Қуыршақтар әр-түрлі болады: сенсорлық, үлкен, кіші, пластикалық, тіпті бойға шақ болады. Дегенмен, балаға да, ересек адамға да сыйлауға болатын қолдан жасалған дүниелер әрқашанда жоғары бағаланған және солай болып қала береді. Ең бастысы – мұндай сыйлық махаббат пен жылулықты сақтап тұрады.

Мәтін және сурет: Екатерина Тыщенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109