2296

Швейцариялық кардиохирург ЖКО-нан зардап шеккен Филиппин азаматшасына сәтті операция жасады

Дәрігер Андре Паскаль Бердат №2 қалалық көпбейінді ауруханада аортокоронарлық шунттау бойынша шеберлік сыныбын өткізу үшін Қазақстан астанасына келген болатын, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық №2 көпбейінді аурухананың баспасөз қызметінде мәлімдегендей, швейцариялық хирург автобустардың соқтығысуынан зардап шеккендерді құтқаруға атсалысып, атап айтқанда, Филиппин азаматшасына операция жасады.  

«Бойжеткен өте ауыр жағдайға түсті. Қолқасы үзілген. Біз аурухана дәрігерлерімен операция тактикасын ақылдастық, ақырында келісімге келіп, іске кірістік. Операция кезінде науқас жүрек-өкпе машинасына қосылған болатын. Ең қауіпті  – параплегияның дамуы, яғни аяқ-қолдың сал болуы. Бізді осы жағдай мазалады. Сондықтан наркоздан кейін науқастың аяғының қозғалатынын тексеруге асығыстық. Бірақ, бақытымызға орай, қыздың жағдайы жақсы», – деді дәрігер Бердат.

Хирсланден (Швейцария) госпиталіндегі жетекші кардиохирург, профессор Андре Паскаль Бердат №2 қалалық көпбейінді ауруханада «аортокоронарлық шунттаудың заманауи техникалық нұсқалары» атты апталық шеберлік сабағын өткізді.

Сарапшы аортокоронарлық шунттаудың жаңа технологиялары мен әдістері туралы бірқатар дәріс оқыды. Сонымен қатар, №2 қалалық көпбейінді аурухананың операциялық блогында профессор бірнеше операция жасады: жүректің ишемиялық ауруы кезінде шунттау, қолқа және митральды қақпақшаның стенозы кезінде қақпақшаны хирургиялық ауыстыру. Сонымен қатар, науқастарды операциядан кейін жүргізу және оңалту тактикасы талқыланды.

«Бұл аурухананың дәрігерлері өте тәжірибелі, жақсы дайындалған. Аурухана жұмысына өте жақсы деген баға берер едім. Дәрігерлерге кеш жүгінгеннің салдарынан болуы керек, пациенттер жиі ауыр жағдайда түседі.. Бұл – кез келген дәрігер үшін сын сағат. Бірақ дәрігерлер шешімін тауып, кез келген қиындықтағы операцияны жүзеге асырады. Менің әріптестерім осындай жақсы нәтижелермен жұмыс жасайтынын мақтан тұтуы керек», – деп атап өтті кардиохирург.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда елорданың сол жағалауында үш жолаушылар автобусы соқтығысқан болатын. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, 29 адам зардап шекті.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109