4106

Астанада құдықтарды толық түгендеу жүргізілуде

Жобаланатын жобаларда міндетті түрде полимерлік материалдан жасалған люктер орнатылатын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ашық люктер мәселесі қала әкімдігінің тұрақты бақылауында: пайдаланушы ұйымдар өтінімдерге байланысты күн сайын ашық құдықтарды анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі күні барлық өтінімдер тиесілі баланс ұстаушылармен пысықталды.

Кәріз құдықтарының ашық қалмауы үшін және апаттың алдын алу үшін әкімдік келесі жұмыстарды атқаруда: құдықтарды толық түгендеу жүргізіледі, жобаланатын жобаларда полимерлік материалдан жасалған люктерді орнату қарастырылады.

Сонымен қатар, қолданыстағы құдықтарға темір тор орнатылуда, ол егер құдық қақпағын ұрлап кетсе де адамның, жан-жануардың, тағы да басқа материалдың құдық ішіне түсіп кетуін сақтайды. Қазіргі күні темір тор 11 мыңнан астам құдыққа орнатылған.

Және де баланста құдықтары бар мекемелер құдықтарды жабу бойынша жұмыстар жүргізуде.

28 наурыздағы жағдай бойынша барлық аудандарда 11 538 дәнекерленген торлар орнатылған, соның ішінде «Астана-АЭК» АҚ - 246, «Астана-Теплотранзит» АҚ - 8 121, «Астана су арнасы» - 807 дана қорғағыш торлар орнатқан.

Сонымен қатар, қалалық полиция департаменті құдық қақпақтарын ұрлаудың алдын алу бойынша үнемі жедел-рейдтік іс-шаралар, ескерту және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Полицейлер мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен бірлесіп металл сынықтарын қабылдайтын орындарда тексеру бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізеді.

Тұрғындармен есептік кездесу барысында қала әкімі Бақыт Сұлтанов құдық қақпақтарын ұрлау «астананың ауруы» деген болатын. Оның сөзінше, өткен жылдың күзінен бастап коммуналдық сала қызметкерлері мыңдаған ашық құдықтарды анықтаған. 

Адамдардың қауіпсіздігі және қайғылы жағдайды болдырмау үшін қала әкімі құдықтарды үнемі тексеріп, оларға темір торлар орнатуды тапсырған болатын. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109