977

Ironman 70.3 Astana жарысы әлемдегі үздік жарыс атанды

Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген триатлон бойынша IRONMAN 70.3 ASTANA жарысы  «Best New Events» 2018 санатындағы «Global athlete satisfaction award» марапатына ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл ​ қатысушылар сауалнамасының қорытындылары бойынша әлемдегі үздік жарыс атанды.

«Біз аса беделді марапатқа ие болғанымызға қуаныштымыз. Біз үшін бұл тағы бір жетістік. Қазақстанда, Орталық Азия мен ТМД-ның алғашқы мемлекетінде IRONMAN жарысының пайда болуының өзі – үлкен табыс. Осындай іс-шараны өткізу көптеген күш пен жігерді талап етеді. Осының бәріне жұмылдырылған адамдардың ұйымдасқан еңбегі септігін тигізді. Сондықтан да біз Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, полицияға және құтқару қызметіне көрсеткен қолдау үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз.​ «RG​ Brands», «VR-swimming», «Спорт әлемі», «Цеснабанк», LSM операторы компанияларының атынан біздің серіктестеріміздің арқасында біз қатысушылар үшін жайлы жағдайдарды қамтамасыз еттік. Сонымен қатар, бізге, бұл жарысты дайындауға күні-түні көмектескен QVolunteers, International SOS волонтерлерімізді назардан тыс қалдыруға болмайды» -деп бөлісті ұйымдастырушылар марапатты алғаннан кейін.

Еске салайық, 2017 жылы Дүниежүзілік триатлон корпорациясы басқа да тоғыз үміткер болған елден Қазақстанды таңдай отырып, Қазақ географиялық қоғамына франшизаны табыс етті. Ironman 70.3 ASTANA жарысында 2018 жылы әртүрлі жастағы триалон әуесқойлары, әйелдер мен ерлер, оның ішінде спортшылар, саяси қайраткерлер, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бизнес өкілдері қатысты. Танымал қатысушылар арасында олимпиадалық чемпион – ҚР Дене шынықтыру және спорт істері жөніндегі комитет төрағасы Серік Сәпиев, олимпиадалық чемпион - Astana Pro Team бас менеджері Александр Винокуров, Олимпиадалық ойындар қатысушысы - триатлоншы Екатерина Шатная, Куила-Конда IRONMAN әлем чемпионатының Қазақстаннан алғашқы қатысушылары Нағима Керімбаева және Павел Артюшенко бар. Барлығы жарысқа әлемнің 47 елінен 1319 спортшы қатысты, олардың 791-і – қазақстандықтар.​

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109