2725

Елордада инклюзивті спартакиада өтті

Іс-шараны «Орда» аутизмі бар балалар ата-аналарының қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шара Дүниежүзілік аутизм туралы ақпаратты тарату күніне орайластырылды.

«Біздің бірлестік 2016 жылы құрылды. Біз кинотеатрлар, спорттық алаңдар, музейлер балаларымызға қолжетімді болуы үшін біріктік. 2017 жылы біз қалалық әкімдікпен бірлесіп, аутизмі бар балаларды әлеуметтендіру бойынша әлеуметтік жобаны бастаған болатынбыз.  Қазіргі таңда біздің екі жобамызда 220 бала бар», – деді «Орда» аутизмі бар балалар ата-аналары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Салтанат Есмағамбетова.

Спартакиадаға жүзден астам ерекше бала қатысты.

Сондай баланың анасы Гүлсім Сымбатованың айтуынша, инклюзивті жарыс мүмкіндігі шектеулі балаларға өздерінің құрдастарымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

«Ынтымақтастық тәжірибесі балалардың жанашырлыққа, мейірімділікке, түсіністікке жетуіне ықпал етеді. Болашақта мұндай балалар мейірімді болады. Мұндай жағдайларда ерекше балалар өзара әрекеттесуді үйренеді, сондықтан да осындай шаралар олар үшін өте маңызды », – деді ол.

Ерекше баланың анасы Зарина Дандыбаеваның айтуынша, мемлекет мұндай балаларға жан-жақты көмек көрсетуде.

«Орда» орталығында біз оңалтудан тегін өтеміз. Біз спортпен шұғылданамыз, логопед, патолог, психолог мамандарымен кеңесеміз. Біздің балаларымыз музыка терапиясы, ойын терапиясы сияқты топтық сабақтарға қатысады. Бізді аптасына бір рет мультфильмдерді көруге кинотеатрға шақырады»,  – деді Зарина Дандыбаева.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109