3669

Қандай мамандықтар бойынша тегін қайта оқуға болады

Жұмыссыз жүрген азаматтар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім ала алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың жұмыспен қамту орталығы қайта оқыту курстарына жұмыссыз азаматтарды қабылдап жатыр.  Қайта даярлау еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіледі.

«Жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін қайта оқыту курстарына қабылдау жүргізілуде, Атап айтқанда, қайта даярлау курстары наубайшы, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі (педагогикалық білім міндетті), менеджер (сауда, талап етілмеген мамандығы бар жұмыссыздар үшін және дипломы болуы керек), әкімші, электр және газбен дәнекерлеуші, киберқауіпсіздік маманы, анимация және бейне графика саласындағы маман, уқалаушы (медициналық білім болуы керек) сияқты мамандықтар бойынша жүргізіледі.

Оқу барысында ай сайын 16 759 теңге степендия төленеді. Қайта даярлау курсын ойдағыдай аяқтаған соң сертификат беріліп, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі», – деп мәлімдеді орталықта.

Барлық қажетті ақпаратты, Жұмыспен қамту орталығынан алуға болады: Бейбітшілік көшесі, 25 «Өркен» БО, 209 каб.

Анықтама телефоны: 57-89-78

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109