1174

Жаттығу жасайық!

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай қала мектептерінде жаппай  жаттығулар өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай Денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы бойынша №10 мектеп-гимназияда «Денсаулық басты байлық» ұранымен Қазақстанда ДДҰ өкілдерінің қатысуымен ауқымды жаттығулар өтті. Оған атақты спортшылар мен әншілер қатысты. 

Айта кету керек, бұл мектеп спортқа ерекше көңіл бөледі. Мұнда «Денсаулықты нығайтатын мектеп» жобасы жүзеге асырылуда.

Таңертеңгілік жаттығуға әнші Шахаризат Сейдахмет және «X-factor-2018» конкурсының жеңімпазы Дильнура Біржан келді.

«Халықаралық мереке қарсаңында біз №10 мектеп оқушыларының қатысуымен жаттығу өткізуді ұйғардық. Салауатты өмір салты мен иммундық жүйені нығайтуға көмектесетін дағдыларды бала кезден дамыту керек. «Дені саудың – жаны сау!» деп тегін айтпаса керек», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулықты сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Руслан Сатывалдеев.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109