1368

Нұр-Сұлтан қаласында шығармашылық жаңалықтар байқауы басталды

Биыл «Шаттық» балалар-жасөспірімдер байқауы жаңашылдыққа айналады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, 8 сәуірде Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының сахнасында «Шаттық-2019» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ХІІІ қалалық шығармашылық байқауы ашылды. Оған қатысуға 116 қалалық білім беру ұйымының 7 мыңнан астам оқушысы өтініш білдірген.

Байқау 8-23 сәуір аралығында аспаптық соло, аспаптық ансамбль – классика, халық аспаптары, хормен ән айту, эстрадалық ән айту, вокалдық ансамбль, халықтық ән айту, халық биі, заманауи би, поэзия, театр, фотосурет, бейнелеу өнері, ерекше жанр сияқты 14 номинация бойынша өтеді.

Салтанатты ашылу рәсімін «Хореография» жанрының конкурстық бағдарламасы жалғастырды. 50-ден астам білім беру ұйымы 8-11 жас, 12-14 жас, 15 жас және одан жоғары жас санаттарында «Халық биі» номинациясына қатысады.

«Шаттық-2019» тұжырымдамасының негізі ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала алынды, онда Нұрсұлтан Назарбаев: «Ұлы даланың фольклоры мен әуендері қазіргі заманғы цифрлық форматта» шырқалуы қажет екенін атап өткен болатын. Конкурс «Жаңа дәуір – жаңа көзқарас» ұранымен өтеді.

Биыл «Шаттық» байқауының өз жаңалығы болуы мүмкін. Қатысушылар театрализация, визуализация және басқа да құралдарды пайдалана отырып, өз шығармашылығын жаңа бағытта ұсынады.

«Мысалы, әлемге әйгілі музыкалық шығарма жаңа интерпретацияда орындала алады, сонымен қатар, әуен өзіндік визуализация арқылы жаңа формаға ие болады», – деп түсіндірді Оқушылар сарайының әлеуметтік жобалар әдістемелік орталығының меңгерушісі Наталья Красноштановаі.

Байқау 23 сәуірде «Қазақстан» ОКЗ сахнасындағы гала-концертпен аяқталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109