3777

Жалпықалалық сенбілікке 28 мыңнан астам адам қатысты

Елордада санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша экологиялық акция өтуде, деп xабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

6 сәуірде жалпықалалық сенбілік өтіп, оған 28 964 қала тұрғыны, сондай-ақ 2640 ұйым қатысты. Іс-шараға 263 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Жалпы экологиялық акция аясында қоқыс жинау, гүлзарлар мен көгалдарды ретке келтіру, шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау, елорданың төрт ауданын көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, жексенбіде 500-ден астам қала тұрғыны әлемге танымал плоггингке атсалысты.

Науқан 7 сәуірде «Жерұйық» саябағы, Ботаникалық бақ, Орталық және Триатлон саябақтары, сондай-ақ Кенесары ескерткішінің маңы сияқты қаланың бес нүктесінде өтті. Плоггинг аясында 2 тоннаға жуық қоқыс жиналып, оның 500 келісі қайта өңдеуге жіберілді. Оның ішінде пластикалық және шыны, алюминий құтылар, картон бар.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109