542

«Green TAL» әлеуметтік шеберханасы «Жас ұста» тегін курсын іске қосты

Курс аз қамтылған отбасылардан шыққан 14 жастағы балаларға арналған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұл бастама туралы «Green TAL» шеберханасының жетекшісі, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров Facebook парақшасында жариялады.

«Егер Сіз 14 жастағы балалар тұратын аз қамтылған отбасылар туралы білсеңіз, онда бұл ақпаратты оларға айтыңыз. Біздің қолөнершілер қолданбалы ағаш өңдеу (ағаш/шере) дағдыларын үйретеді. Үздік оқушылар қосымша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Тренинг тегін жүргізіледі. Оқу кестесі әр балаға жеке сәйкестендіріледі».

Эмин Әскеровтың айтуынша, бес адамнан тұратын бірнеше топ құрылатын болады.

«Алдымен біз екі-үш топ құра аламыз, әрқайсысында шамамен бес адамнан болады. Біз балаларды толық күн бойы тарта алмаймыз, оларда өздерінің сабақтары бар. Олар үшін физикалық жағынан қиын. Сондықтан сабақтар аптасына екі сағаттан бірнеше рет өтеді. Әрине, балалардың осы әлеуметтік санатқа жататындығын түсіну үшін құжаттары болуы тиіс. Заң бойынша, 14 жастағы балалар толық емес жұмыс уақытында жұмысқа орналаса алады, сондықтан болашақта оларды жұмысқа қабылдауды жоспарлап отырмыз», - дейді кәсіпкер.

Барлық сұрақтар бойынша WhatsApp телефонына қоңырау шалуға немесе жазуға болады: +7 (707) 237-14-57 (Айдана).

«Green TAL» әлеуметтік шеберханасы елордада 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобаның негізгі мақсаты – мүгедектер, балалар үйлерінің түлектері, жалғызбасты аналар, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққандар сияқты халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109