1090

№ 28 көше жол салуға байланысты жабылады

«Орынбор, № 39, № 26, № 31 көшелерінің шекарасындағы тұрғын алабындағы жолдарды салу» жобасын іске асыру шеңберінде «№28 көше» жобалық атауымен жол жабынын салу жұмыстарын орындау жоспарланып отыр. Елорда тұрғындары мен қонақтарына кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, келесі көшелердің учаскелерінде автокөлік құралдарының қозғалысы тоқтатылатын болады:

«2019 жылдың 8 сәуірінен бастап 8 мамырына дейін – Мәңгілік Ел даңғылынан № 36 көшеге дейінгі учаскеде № 28 көше учаскесі;

8 мамырдан бастап 20 мамырға дейін № 36 көшеден бастап №37 көшеге дейінгі учаскеде № 28 көше учаскесі;

20 мамырдан бастап 28 мамырға дейін № 37 көшеден бастап № 38 көшеге дейінгі учаскеде № 28 көше учаскесі;

28 мамырдан бастап 27 маусымға дейін № 38 көшеден бастап №39 көшеге дейінгі№ 28 көше учаскесі;

27 маусымнан бастап 10 шілдеге дейін – Мәңгілік Ел даңғылынан № 39 көшесіне дейінгі № 28 көше учаскесі жабық болады», деп хабарлады көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109