1139

Елорда көшелері арнайы сусабынмен жуыла бастады

Қала көшелерін тазалауда жаңа әдіс қолданылуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгіннен бастап қала көшелерін тазалауда жаңа әдіс пайдаланылуда. Бұл туралы қала әкімі Бақыт Сұлтанов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бүгін елорданың жол тазалауда жаңа әдісті қолдана бастадық. Коммуналдық қызметтер алғаш рет қала жолдарын арнайы жуғыш құрал – сусабынмен жуа бастады. Оны қолдану асфальтты көктайғаққа қарсы материалдардың қалдықтарынан, ескірген қақпақтардан, мұнай қалдықтарынан және қысқы маусымда пайда болған май дақтарынан тазартуға ықпал етеді. Қарапайым сумен мұны тазалау мүмкін емес. Ал бізге жол белгілерін салу алдында көшелерді мұқият жуу өте маңызды», - деп жазды Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында.

Әкімнің мәліметінше, коммуналдық қызметтердің сусабынды пайдалануы жол сапасын және жүргізушілердің қауіпсіздігін жақсартуға септігін тигізеді. Жуғыш зат ешқандай зиянды заттарды бөлмейді, қоршаған ортаға да зияны жоқ.

"Алдағы уақытта коммуналдық қызметтер орындайтын көптеген жұмыс бар. Қажеттілік туындаған жағдайда, көшелер күн сайын тазартылатын болады", - деді ол. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109