799

Елорда болашақта қандай болады? Қала әкімдігі жастарға осындай пікірлерімен бөлісуді ұсынды

Сіздердің бірегей идеяларыңыз қаланың даму кезеңінің негізі бола алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Білімді, шығармашылығы ерекше және таланты зор, әлеуеті жоғары жастар – елорда келешегінің негізі болып табылатындықтан, Нұр-Сұлтан әкімдігі жастарды Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екінші жылдығын ашық диалог формасында өткізіп, елорда болашағын қалай елестетіні туралы пікірлерімен бөлісуге шақырады.

12 сәуірде сіздің бірегей идеяңыз қаламыздың даму кезеңінің негізі бола алады. Тың жобалар, елорданың жүйелік мәселелеріне қатысты жаңа көзқарас, жетістіктерді пайдалану. Осының бәрін қала құрылысы және қалалық кеңістік; өнеркәсіп және жаңа технологиялар; шығармашылық экономика және өнер сияқты үш бағыт бойынша өтетін панельдік сессияларда ұсыну қажет.

Бұдан кейін қала үшін ең қызықты және практикалық идеялардың авторлары өз ойымен бөлісіп, оны қала әкімі Бақыт Сұлтановпен талқылайды. Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылардың барлық бекітілген ұсыныстары 2050 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласын дамыту стратегиясына енгізілетін болады.

Іс-шара 20-30 жас аралығындағы жастардың түрлі салалардағы жетістіктерге жеткен және қоғамның дамуына үлес қосқысы келетін жастарды біріктіретін Global Shapers Community Astana Hub қолдауымен өтеді.

Бұл кездесу жастарға өз қаламыздың болашағын қалыптастыруға, елорданың өміріне қатысуына нақты қадам жасауға мүмкіндік береді.

Қатысу үшін мына сілтеме арқылы өтіп, өтінішті толтыру қажет екендігін ескертеміз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109