3419

Бақыт Сұлтанов қаланың абаттандырылуын тексеріп, инфрақұрылым нысандарын аралады

Елорда әкімі қаланы аралау барысында екі вокзалда, Дүкенұлы көшесін қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысып, Ботаникалық бақты аралады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың барлық аудандарындағы аулалар, көшелер, автотұрақтар, демалыс орындары тексерілді.

Жаңа туристік маусым қарсаңында қала басшысы астананың теміржол бекеттерінде болды. Нұр-Сұлтан теміржол вокзалында тұрақ орындарының жағдайымен танысып, тұрғындар мен қонақтарға арналған демалыс орындарын тексеріп, оған жақын аумақтарды көгалдандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Одан кейін «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалының инфрақұрылымын тексерді. Станция директорының айтуынша, көлік хабының өткізу қабілеті тәулігіне 35 мың адамды құрайды. Бақыт Сұлтанов заңсыз такси жүргізушілері мәселесін шешуді және вокзал маңын «Сергек» камерасымен жабдықтауды аяқтауды тапсырды.

Қаланың көшелерін аралаған әкім аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Бейбітшілік көшесі бойындағы №31, 33, 35 үйдің аулаларын қарап шыққаннан соң Б. Сұлтанов, аулаларда автотұрақ орындарының жеткіліксіз екендігін, автотұрақ кеңістігін кеңейту туралы ойлауды тапсырды.

Бұдан кейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі 2018 жылы Республика даңғылы мен Дүкенұлы көшесінің қиылысында елорданың 20 жылдығына орай ашылған Иллюзия алаңына барды. Бақыт Сұлтанов оның жағдайын қанағаттанарлықсыз деді. Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егембердиевтің айтуынша, бұған нысанның әзірге аудан әкімдігінің балансына өтпеуі және осы аймаққа кімнің жауапты екендігінің белгісіздігі себеп.

Бақыт Сұлтанов қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының жұмысын сынға алып, орынбасары Арман Тұрлыбекке саябақты Сарыарқа ауданы әкімдігінің балансына ауыстыруды, оны жөнге келтіріп, жасыл желекті жолдан арықарай төсеуді тапсырды.

Бұдан басқа, қала әкімі Дүкенұлы көшесіндегі сүрілген тұрғын үйлердің орнын тексеріп, жауапты тұлғалармен көшені жөндеу мәселелерін талқылады. Әкімге хабарлағандай, Дүкенұлы көшесінің жалпы ұзындығы 1,9 шақырымды құрайтын Бейбітшілік көшесінен  Фурманова көшесіне дейінгі аралығы жөндеу жұмыстарын жобалау сатысында. Жалпы 24 гаражды және алты жеке үйді бұзу көзделген. Оған қаржыландыру қажет.

Әкім сондай-ақ, «ақылды аудан» жобасы іске асырылып жатқан «Жастар» ықшам ауданын қарап, Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Қаналимовпен аулаларды абаттандыру және жолдарды жөндеуге қатысты сұрақтарды талқылады.  

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, «Жастар» шағын ауданы әлі «ақылды аймақ» болуға дайын емес, әлі де көп жұмыстар атқарылуы керек. Қала басшысы Байқоңыр ауданының әкіміне шағын ауданды абаттандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Бұдан бөлек, Б. Сұлтанов «Отан қорғаушылар» ескерткішіндегі алаңға барып, ескерткішті тексеріп, алаңды аралап шықты. Әкімнің бұйрығымен мамыр мерекесіне дейін осы аймақта ағымдық жөндеу жұмыстары, ал жылдың соңына қарай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Ары қарай Бақыт Сұлтанов Ботаникалық баққа барды. Мұнда әкім жолға  төселген кеспетасқа назар аударды.Бұдан бөлек ол белгіні латын қарпінде жазылған жаңа белгіге ауыстыру қажеттігін атап өтті.

Осы жерде қала басшысы Есіл ауданының әкімі Төлеген Закарьяновпен және Арман Тұрлыбекпен аумақты абаттандыру, қалалық сенбілікке дайындық және көгалдандыру маусымына дайындығын талқылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109