1392

Мемлекеттік тілде жазылған көшедегі маңдайшалар мен жарнамада кездесетін қателер туралы фейсбук арқылы хабарлауға болады

Елорда тұрғындарын «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» акциясына қатысуға шақырады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы Кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалымен бірлесіп, «Тіл туралы» заңнаманың сақталуына мониторинг жүргізу бойынша акцияның басталғанын жариялады.

Нұр-Сұлтан әкімдігінде «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» жобасы аясында өткен дөңгелек үстел барысында екі айлық акция бастау алды.

Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының бас маманы Айгүл Иманғалидің айтуынша, акция аясында ведомство қызметкерлері осы уақыт ішінде аудандық әкімдіктермен, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармалары, Кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалымен бірлесіп, заңсыз орнатылған, сондай-ақ тіл нормаларына сәйкес келмейтін сыртқы жарнамалардың барлық нысандарын тексеріп, тиісті ұсыныстар береді, аталған бизнес-нысандардың иелеріне «Тіл туралы» заңның нормаларын түсіндіреді.

«Біздің басқармаға тұрғындар тарапынан мемлекеттік тілде жазылған сыртқы жарнама мәтіндерінде, басқа да көптеген көрнекі материалдарда өрескел қателердің болуына, сондай-ақ, заңнаманың басқа да талаптарының сақталмауына қатысты шағымдар жиі түседі. Біз біреуді жазалау мақсатын көздемейміз, біз заңның негізгі талаптарын түсіндіретін боламыз. Біздің басты мақсатымыз – осы», – дейді Айгүл Иманғали.

Акция барысында ПИК қызметкерлері үшін семинар-тренингтер өткізіледі. А. Иманғали атап өткендей, кіреберістен бастап, барлық көрнекі ақпарат заң талаптарына сәйкес келуі үшін ретке келтірілетін болады. Бұл іс-шаралармен жеке балабақшалар, балаларға арналған түрлі орталықтар қамтылатын болады.

Тіл нормаларын бұзуды растайтын ақпарат пен фотосуреттерді мына мекенжай бойынша электрондық поштаға жіберуге болады: a.imangali@astana.kz. Сондай-ақ, ақпарат Фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Тіл басқармасы» аккаунтында қабылданады. Хатта сыртқы жарнаманың орнын, фотосуреттің жасалған күнін көрсету қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109