1325

Студенттер арасында джиу-джитсуден өткен Әлем кубогына қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді

Қазақстандық 5 спортшы Тайланда джиу-джитсуден студенттер арасында өткен Әлем Кубогында 5 алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Республикасы джиу-джитсу қауымдастығының хабарлауынша, жарыс 10-11 сәуірде елдің солтүстік астанасы Чанг-Май қаласында өткен болатын.

«12 елдің мықтылары қатысқан беделді жарыста 5 спортшы Қазақстанның намысын қорғады. Бұл спортшылардың барлығы бәйге алып, Әлем кубогында алтын жүлдені қанжығасына байлады. Оның ішінде, Дархан Нортаев, Қуандық Қонысов, Галина Дуванова, Нұрсұлтан Дүйсенқұлов және Жәнібек Әбу-Бәкір бар. Бұл кәсіпқой спортшылардың әлеуеті зор. Олар өз шеберліктерін талай мәрте көрсеткен», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы, Қазақстанның джиу-джитсу қауымдастығының президенті Болат Мажағұлов.

Әлем кубогы Fighting, Ne-Waza және Duo- sistem сияқты үш дисциплина бойынша өтті.

Қазақстан Республикасының джиу-джитсу қауымдастығы джиу-джитсуды және оның бағыттарын Қазақстан Республикасының университеттік спорт түрлері федерациясына енгізу бойынша келіссөздер жүргізуде.

Еске салайық, 19-23 маусымда еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда джиу-джитсуден Grand Prix Nur-Sultan Open халықаралық рейтингтік турнир өтеді. Жарысқа барша әлемнен 3000 аса спортшы қатысады деп күтілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109