7954

Айдын Айымбетов отандық ғарыш саласы жайлы айтып берді

Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов 12 сәуірде «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында Айдын Айымбетов Қазақстандағы ғарыш саласының жобалары жайлы әңгімеледі.

«Қазақстанның ғарыш саласындағы ең үлкен жаңалығы – желтоқсан айында жерді жасанды зондтаудың екі спутнигін ұшыру. Әрине, қазақстандық ғарыш ғылымы дамып келеді. Елордада Ұлттық ғарыш кешені салынды. Қазір Қазақстанның алты өз спутнигі бар. «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл ұзақ мерзімді жобалардың пайдасын жақын арада көреміз деу – әбестік. Ғарышты дамытуға салынған қаражат араға біраз уақыт салып, он есе нәтижесін береді деп айтуға болады», – дейді А.Айымбетов.

Балаларды ғарышкерлердің немен тамақтанатыны, отрядтарға қалай кіруге болатындығы, ұшқыштар ұшу кезінде қандай ауыртпалықтарды бастан өткеретіндігіне қатысты сұрақтар қызықтырды.

Сондай-ақ, Айдын Айымбетов ғарышкерлер тек қана тюбик тағамын жейтіні туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл өткеннің еншісінде қалды. Шын мәнінде, ғарышкерлерге арналған ас мәзірі өте дәмді! Ұшу кезінде біз әр елдің ғарышкерлерімен дос болдық. Біздің рационда жапондық кальмар және американдық шоколад болды. Біз қымыз, құрт және басқа да өнімдерімізді Қазақстаннан сәлемдеме ретінде ұсындық», – деді Айдын Айымбетов.

Кездесуге қатысқан нәзік жандылар: «Ғарышқа әйелдерді неліктен сирек жібереді?» деп сұрады.

Айымбетовтың айтуынша, бұл көбінесе денсаулық пен физикалық жүктемелерге байланысты.

«Алайда, әйелдер бұрыннан ғарышқа сапар шегіп келеді. Әйелдер ұшу барысында күрделі ғылыми эксперименттерге қатысып, экипаждың нағыз әшекейі болып табылады», – дейді Айдын Айымбетов.

Мәтін және сурет: Екатерина Тыщенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109