6315

Байқоңыр ауданында «Жалынды жастар» эстафетасы жалғасады

2019 жылдың «Жастар жылы» деп жариялануына орай Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық әкімдігінің эстафетасы бастау алған болатын, деп xабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты. 

Аталмыш эстафета тізгінін елордадағы «Тұран» колледжі қолға алған-ды.

Салтанатты шараға Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданы әкімі Каналимов Ерлан Ермекұлы, «Тұран» колледжінің бас директоры Құдайбергенов Қуандық Шыңғысұлы, аудандық Nur Otan партиясының, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, жас өнер жұлдыздары, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. 

«Жалынды жастар» марафонының мақсаты - Жастар жылының аясында жастарға кешенді қолдау көрсету. Марафон шеңберінде түрлі шаралар мен жобалар іске асырылып, бүгінде өзінің нәтижесін көрсетіп келеді. Атап айтқанда, Байқоңыр ауданының ашылғанына небәрі бір жыл ғана болса да, бүгінде 24 үйірмесі бар, 1000 баланы қамтитын 9 аула клубтары ашылып, жұмыс жасайды. Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында ауданда жастардың қатысуымен спорттық сайыстар ұйымдастырылып отырады», - деді аудан әкімі Каналимов Ерлан Ермекұлы. 

«Мәңгілік елдің ұландары» атты әскери-патриоттық шеруді халыаралық, республикалық және қалалық деңгейде танылып жүрген жас үздік спортшылар бастап, «Жас сарбаз» сыныбының тәрбиеленушілері жалғастырды.

Шараның басты рәсімі «Жалынды жастар» эстафетасының символын «Тұран» колледжінің бас директоры №49 орта мектеп директоры Джумартова Данара Мейранбекқызына табыстады. Мектеп директоры Джумартова Данара Мейранбекқызы өз сөзінде «Мемлекет саясатының ажырамас бөлігі болып табылатын Жастар саясаты жастарды қолдауға, олардың толыққанды білім алып, білікті де сұранысқа ие маман иесі болуына, салауатты өмір сүруі мен жан-жақты дамуына бағытталған. Білім ордасының да миссиясы жастарға білім бере отырып, рухани жан-жақты дамыған, елжанды, патриот азаматтарды тәрбиелеуге негізделген. Осыған орай, бүгінгі тізгінін алған «Жалынды жастар» эстафетасының біз үшін маңызы өте зор болмақ», - деп атап өтті.

Шара соңында білім ордасының халықаралық деңгейде танылып жүрген жас өнер майталмандары өнер көрсетіп, «Өрлеу» тобының әншілері әннен шашу арнады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109