6517

Елорданың су тасқынына қарсы жағдайы бақылауда 

Төтенше жағдайларды алдын алу мен жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне енетін ұйымдардан ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында гидрометеорологиялық және гидрологиялық ақпаратпен алмасу жолға қойылған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Су тасқынына қарсы шаралар аясында "Астана-Тазалық" ЖШС Майбалық көлінен "Нұра-Есіл" каналына дейінгі қолданыстағы арнаны тазарту бойынша жұмыстар аяқталды. 

Ильинка ауданындағы Кіші Талдыкөл көліне құятын құбырлар мен бөгеттерге түгендеу жүргізілді. Жоғарыда көрсетілген учаскелерде ұзындығы 200 метр бөгеттер мен Ауған Кварталы ауданындағы ұзындығы 600 метр бөгет нығайтылды. Сонымен қатар, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қызметкерлері оңтүстік-батыс айналма жолының құрылысы ауданында Есіл өзенінің суын өткізу жұмыстарын жүргізді.

Газмашаппаратура, Кенесары көшесіндегі көпір аумақтарындағы өткізу құбырларын мұздан тазарту (булау) жүргізілді, шлюздер ашылды. 

Су тасқынына қарсы іс-шаралардың бірі - қар тазалау. Осы маусымда 2 985 000 текше метр қар шығарылды. Бүгінгі күні қар шығару жұмыстары аяқталды. 

Қалалық су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Нұр-Сұлтан гарнизонының күшімен қала көшелерінен еріген суды тартып шығару жұмыстары жүргізілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109