3230

Достық байланысты нығайту жолында

Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Татарстан жастар қауымдастығының төрағасы Табрис Ярулинмен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты.

ҚХА «Жаңғыру Жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары, «Жарасым» РЖБ төрағасы Тимур Жұмырбаев атап өткендей, аталмыш кездесудің мақсаты жастармен жұмыс жасау бойынша тәжірибе алмасу, жұмыс жасаудың жаңа түрлерімен танысу болып табылады.

Кездесу жұмысына Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Павлодар қалаларының ҚХА белсенділері мен жастар қозғалысының көшбасшылары қатысты.

Кездесудің бірінші ресми бөлімінде ағайынды екі елдің жастары бірлесе жұмыс жасау үшін жоспар құрып, цифрлы даму жолдарын ұсына отырып, алға қойылған міндеттермен және іске асуы тиіс креативті жобалармен танысты. Ресми кездесуден кейінгі екінші бейресми бөлім барысында жастар жақын танысып, ойларымен бөлісуі үшін «Ақыл фабрикасы» атты еркін тренинг өтті.

Мұндай шаралардың жиірек ұйымдастырылуы елдер арасындағы жылы қарым-қатынас пен достық байланыстарды одан әрі нығайта түсетіні сөзсіз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109