3136

Қаладағы дауыс беру орталықтары туралы толық ақпаратты қайдан алуға болатыны белгілі болды

Елордада 600 мыңға жуық адам Қазақстан Президентін сайлауға қатыса алады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Республика астанасында 304 сайлау учаскесі бар. Олардың 239-ы – қаланың аумағында, 65-і – шетелде. Бұл мәселемен ҚР Сыртқы істер министрлігі айналысады. Жалпы алғанда, қалада 600 мың дауыс беруші бар. Неғұрлым анық ақпарат сайлау қарсаңында тағы жарияланатын болады», – деді қала әкімдігі аппараты басшысының орынбасары Азамат Ахмеджанов әкімдікте өткен брифинг барысында.

Оның берген мәліметі бойынша, дауыс берушілер тізімін анықтау үшін қала әкімдігі нақты уақыт режимінде өз сайлау учаскесі туралы мәліметтерді алудың  мүмкіндіктерін ұсынады:

1. 24/7 режимінде жұмыс істейтін iKomek бірыңғай байланыс орталығына 109 нөміріне телефон шалу арқылы;

2. Smart Astana мобильдік қосымшасындағы қалалық қызметтер бөлімі арқылы. Қосымшаны App Store (iOS үшін) және Play Store (Android үшін) арқылы жүктеп алуға болады;

3. Telegram әлеуметтік желісіндегі  @smartastana_bot чат-боты арқылы.

«Бұл қызметтер бүгіннен бастап қолжетімді. Сонымен қатар, 18 сәуірден бастап astana.gov.kz ресми интернет-ресурсы,  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің геопорталы maps.astana.kz жұмыс істей бастайды, онда дауыс берушінің мекен-жайы (көше, үй) туралы мәліметті енгізу арқылы, қаланың электронды картасы бойынша сайлау учаскелерінің орталықтарын және шекарасын көруге болады. 24 сәуірден бастап тұрғындар ақпаратты Whatsapp мессенджері мен Instagram әлеуметтік желісі арқылы ала алады», – деп қорытындылады ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109