3254

Полицейлер мен еріктілер сайлау алдында қала тұрғындарының пәтерлерін аралайды

Акция президенттік сайлауға дайындық ретінде сайлаушылар тізімдерін жаңарту мақсатында өткізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда аула аралау шарасы 15-29 сәуір аралығында өтеді. Басты мақсаты – сайлаушылар тізімін жаңарту.

«Сәуірдің 15-і мен 29-ы аралығында полиция қызметкерлері (400 адам) мен елордалық ЖОО мен колледж студенттерінің қатысуымен (400 адам) аулалық және пәтерлік аралау бойынша науқан ұйымдастырылады. Еріктілер барлық тұрғындарды тіркеу фактісі арқылы нақтылай отырып, олардың нақты тұрғылықты жерін көрсетіп, қайта жазады және жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік деректер қорының тізімдерімен салыстырылады. Бұл мәліметтер аудандық әкімдіктерде жинақталып, сайлаушылар тізіміне түзетулер енгізіледі», – деп мәлімдеді дүйсенбіде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Азамат Ахмеджанов.

Аралау кешкі уақытта жүргізіледі, еріктілерде міндетті түрде жеке басын куәландыратын бейдж болуы керек.

«Еріктілердің міндеті – пәтерлерге кіріп, қала тұрғындарына бірінші кезекте олардың қандай құқықтары бар екенін және қай жерде дауыс бере алатындарын түсіндіру. Сондай-ақ, сайлаушылар тізімінде аталған адамның бар-жоғын анықтайды. Ол үшін олар мәліметтерді жазып, аудандық әкімдіктерге тапсырады», – деді А.Ахмеджанов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109