7130

Әкімге көпбалалы отбасылардың әлеуметтік картасын қалыптастыру бойынша қолға алынған шаралар туралы баяндалды

Қазіргі таңда тізімге Нұр-Сұлтан қаласында тұратын 10,7 мыңнан астам отбасы кірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін қала әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен қалалық әкімдіктің кезекті отырысы өтті, онда елорданың тыныс-тіршілігі мәселелері талқыланды.  Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Көпбалалы отбасылар базасын құру». Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова баяндап берді.

Оның айтуынша, әлеуметтік картаның дерек базасында 10754 көпбалалы отбасы туралы мәлімет бар. Олардың 85 пайызы – төрт бала тәрбиеленіп жатқан отбасылар, 15 пайызы – бес және одан көп бала тәрбиеленіп жатқан  отбасылар.

«Мектеп қызметкерлері көпбалалы отбасылардың тізімін жаңартуда. Деректерді қалпына келтіру және жүйені толтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Үйдің жағдайы туралы мәлімет жинауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылды. Ол үйдің бейнесін және оның орналасқан жерін көрсетеді. Астаналық емханалардың мамандары оқытылды. Қазір учаскелік дәрігерлер базаны толтыруда», – деді М. Бектұрова.

Қазіргі уақытта 5,189 бала балабақшаға кезекте тұр. Сонымен қатар, 722 бала балабақшаларға жолдама алды. 1500-ден астам оқушы мектептер мен оқушылар сарайлары жанындағы үйірмелерге баруда. Тағы да 3 мың оқушыға жалпыға міндетті оқу қоры аясында көмек көрсетіліп жатыр.

«Мектептерде көпбалалы отбасылардың балалары арнайы бақылауға алынды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады»,  – деді Бектұрова.

Екінші мәселе экологиялық сенбілік, су тасқының алдын алу және оған қарсы тұру шаралары, санитарлық тазалау, жарықтандыру, құдықтарды жабу, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына қатысты болды.

«Көпірлер, жерасты және жер үсті қиылыстары, жол төсемі, қаптау, плитка, төбе, қасбеттерді жөнге келтіру керек. Жақында жазғы мезгіл басталады. Саябақтар мен гүл бақтары жөндеу жұмыстарына мұқтаж. Аудан әкімдері, бұл неліктен? Экологиялық айлық 20 күн бұрын басталды. Нәтиже қайда?», – деп сұрады қала әкімі.

Қала әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек өз баяндамасында бүгінде қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін барлық нысандардың қалыпты жұмыс істеп жатқандығын, елеулі төтенше жағдайлардың тіркелмегенін хабарлады.

«Іс-қимыл жоспарының барлық тармақтары уақтылы орындалып, біз су тасқынының жоғары фазасын ешқандай оқиғаларсыз өткіздік. Су тасқынына байланысты мәселелер шешілуде.

26 наурыздан бастап экологиялық айлықты өткізіп жатырмыз. Аудандық коммуналдық сенбілік күндері өтті. Шараға 30 714 адам қатысты», – деді Тұрлыбек.

Бүгінгі таңда құдықтарды жабу мәселесіне қатысты өтініштің 37-сі әлі шешімін таппаған, 13-і – уақытша жабық. 101,800 құдықтың 12 874-не (12%) қауіпсіздік торлары орнатылды. Жыл басынан 41 металлды қабылдау пункті жабылды. Осының нәтижесінде 55 тоннадан астам металл тәркіленді. Металл қабылдайтын орындардың 34 иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Б. Сұлтановтың пікірінше, бұл мәселе толығымен шешілмеген.

«Көптеген люктер қақпақсыз. Оларды ұрлау жалғасуда. Аудан әкімдері, Сіздер бетон блоктармен ашық люктерді жауып тастасаңыздар да, бұл қауіп төндіреді. Біріншіден, төтенше жағдайдың орын алуына сеп болады, екіншіден – арнайы техникаға кедергі келтіреді, үшіншіден – эстетиканың  мүлде жоқ екендігін көрсетеді», – деді әкім.

Әкім орынбасары Малика Бектұроваға қарата, құдық қақпақтары ұрланған аймақтардың ешбірінде «Сергек» камераларының орнатылмағандығын тілге тиек етті.

«Тұтастай алғанда, «Сергек» жобасының басты идеясы ұмыт қалған. Жобаның нақты идеясы – қоғамдық қауіпсіздіктің деңгейін арттыру және қылмыс деңгейін төмендету. Бүгінгі таңда жол қозғалысына, жүргізушілерге айыппұл салуға баса назар аударылған. Иә, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жақсы,  өте маңызды да, бірақ біз кешенді жұмыс жөнінде ұмытпауымыз керек. Қаланың барлық аудандарын қамтуымыз керек», – деген Бақыт Сұлтанов жобаның жүзеге асыруы туралы егжей-тегжейлі есеп беруді тапсырды. 

Жиналыс барысында құрылысы тоқтап қалған құрылыс алаңдарының мәселесі көтерілді.

 «Көптеген құрылыс алаңдары еркін қолжетімділікке ие. Онда балалар ойнайды. Бұл қауіп төндіреді. Құрылысы тоқтап тұрған алаңдарға апаратын жолдарды шектеу туралы бірнеше рет нұсқау берген болатынмын. Нәтиже жоқ», – деген қала әкімі Арман Тұрлыбекке бір апта ішінде ұсыныстар енгізуді және барлық нысандарға апарар ашық жолдарды шектеп, қоршауларды тиісті қалыпқа келтіруді жүктеді.

Отырыс барысында қала әкімі Бақыт Сұлтанов, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшинге ескерту жасап,  көлік басқармасы басшысының орынбасарына сөгіс берді. Сөгіс берудің себебі – алғашқы қар түскенге дейін аршу жұмыстарын жүргізу жөніндегі тапсырманың орындалмауы. 11 сәуірде Дулатов көшесі, 8 үй маңындағы шұңқырға  7 жасар бала түсіп, аяғы сымға байланып, суға батып кете жаздады. Абырой болғанда, кішкентай бала жан айқайын естіген жолаушы жүгіріп келіп, оны құтқарып алған.

2019-2020 оқу жылына дайындық барысына да көңіл бөлінді. Бақыт Сұлтанов білім беру нысандарына, оның ішінде жаңа оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға берілуі тиіс нысандарға жол-көлік инфрақұрылымын тартуды, білім беру нысандарын уақытылы (4 мектеп, 5 қосымша құрылыс, 1 колледж, 1 балабақша) пайдалануға беруді, білім беру нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу бойынша жұмыстарды жүргізуді, мектепке дейінгі, қосымша, инклюзивті, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бойынша іс-шараларды қаржыландыру мүмкіндігін қарыстыруды тапсырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109