2059

Нұр-Сұлтанда Ғашықтар күні аталып өтті

Бүгін Қазақстанда «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» лиро-эпостық жыры кейіпкерлерінің құрметіне белгіленген Ұлттық ғашықтар күні мерекеленуде. Мейрам ғашықтық сезімінің мөлдірлігі мен әсемдігін бейнелейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жастар биыл Ғашықтар күнін бір ай бойы атап өтуді ұйғарыпты.

«Махаббат, қуаныш, жылулық пен мейірімділік айы». Жастарға арналған барлық іс-шаралар осындай ұранмен өтпек. Нұр-Сұлтан қаласының барлық жоғарғы оқу орындары мен колледждерінде концерттік бағдарламалар, акциялар, театр қойылымдары, спектакльдер, конкурстар ұйымдастырылатын болады. «Тұран Астана» университетінде «Ғашық жүрек» атты театрландырылған қойылым, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Сенім мен сезім» атты байқау, «Астана» медицина Университетінде «Қазақстандық медицина жастарының ұйымы» РҚБ Ұлттық Бас Ассамблеясын өткізеді.

Жастар қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлап, ашық хаттар тарту етіп, мерекенің тарихын баяндады.

«Жыл сайын мереке құрметіне елордада түрлі байқаулар мен жарыстар өткізіледі. Біз өскелең ұрпақтың санасы мен рухани құндылығын байытуға тырысуымыз керек. Жыл сайын мерекеде мәдениетіміз, әдет-ғұрпымыз бен ділімізді ескере отырып, Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлудың ұлы махаббатын еске алуға тырысамыз», - деп атап өтті «Тұран-Астана» университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Темірлан Қайыржанов.

Шара қоғамдық даму істері басқармасының мұрындық болуымен өтті. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109