835

Елордалық iKomek 109 орталығымен енді лифтіден шықпаq-ақ байланысуға болады

Нұр-Сұлтан қаласында «SAFELIFT» жобасын іске асыру бойынша өзара әріптестік және ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Келісім қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, қалалық iKomek 109 мониторинг және жедел әрекет ету орталығы және «Media Service 2010» ЖШС арасында жасалды.

Меморандумның мақсаты – елорда аумағындағы лифт кабиналарына мониторинг жасайтын «SAFELIFT» жобасы мен iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығын интеграциялау.

«Енді лифт апаттық жағдайда тоқтап қалса, тұрғындар бөлек арнайы түйменің көмегімен iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шала алады. Тұрғыннан қоңырау (немесе түтін белгісі) келіп түскенде, iKomek 109 орталығы операторының мониторында келесі деректер көрінеді: аудан, тұрғын үй кешенінің атауы, көше (даңғыл, тұйық), үйдің нөмірі, кіреберіс нөмірі, қызмет көрсетуші лифт шаруашылықтарының деректері», – делінген қалалық мониторинг және жеде әрекет ету орталығының баспасөз қызметінің хабарламасында.

IKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы қаланың барлық коммуналдық және авариялық қызметтерінің нөмірлерін біріктіреді, сондай-ақ лифт шаруашылығы қауымдастығымен тығыз байланыста екенін естеріңізге саламыз. Лифт жұмысының мәселелері бойынша 2018 жылы орталық 2 055 өтінішті, 2019 жылдың басынан 1 006 өтінішті қабылдады.

Еске салайық, лифтідегі апатты жағдайға әрекет ету регламенті 40 минутты құрайды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109