493

Қазақстан туралы комикстың авторы елордалық оқушылармен кездесу өткізеді

Бүгін Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Қазақстандағы Жак пен Биллдің оқиғалары: Шыңғысхан қазынасы» комиксінің авторы француз Жак Ортэмен кездесу өтеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шараны Қазақстандағы Франция Елшілігі мен Француз альянсының қолдауы арқылы Орталық кітапхана жүйесі ұйымдастырып отыр.

Жак Ортэ (Jacques Ortet) – француз инженер-мұнайшысы, әртүрлі елдерде жұмыс істеген, жақында оқиғалы жанрда кітап жазу ниетін жүзеге асырды. Таңдауы Қазақстанға түсіп, елде 4 жыл тұрақтады.

«Бір сәтте Қазақстан туралы комикс құру идеясы пайда болды. Төрт жыл бойы мен мәдениет, тарих және адамдар туралы идеяны жинақтадым.  Осы жанрдың әртүрлі бөлшектері мен нюанстарын меңгерген комикстерді оқыдым. Көптеген елдерде болдым: Еуропада, Таяу және Қиыр Шығыста, Африкада, кейбір елдерде бірнеше жыл өмір сүрдім, олардың адамдары мен мәдениетін зерттеуге мүмкіндік болды. Болашақта осы орындар туралы кітаптар жазуды жоспарлап отырмын. Бірақ Қазақстан туралы комикс – менің алғашқы кітабым», – дейді автор.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109