904

Елордада экологиялық өмір салты бойынша шеберлік-сабағы өтеді

Эко-белсенділер қоқысты бөліп жинау, биопакеттер және басқа да «жасыл бастамаларға» қатысты мәселелерді талқылауға шақырады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шеберлік-сабағы 16 сәуірде сағат 18:30-да «Керуен» сауда орталығында (3 қабат, азық-түлік алаңы) өтеді.

шара ұйымдастырушылары – «Спарта Астана» экоклубының белсенділері. Олар жақында елордада алғаш рет плоггинг өткізген болатын.

Шеберлік-сабақ бағдарламасына жеті спикер қатысады. Мысалы, Алматы қаласының эко-белсендісі Аида Алимбекова «Эко-өмір: қайта басталуы керек, нөлдік қағидалар, Instagram-да эко-білім беру, азаматтық эко-бастамалар» тақырыбында баяндама жасайды. Тоғыз жастағы мектеп оқушысы Аделя Қасымова үйде және сыныпта қоқысты бөлек жинау жүйесін қалай енгізгені туралы әңгімелейді. «Біз таза мемлекет үшін!» қозғалысының көшбасшысы Шасалим Шагалимов қалада ғана емес, одан тыс жерлерде де биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы айтып береді. «Спарта Астана» экококлубының негізін қалаушы Әсел Құспанова жиналғандарды «тұтынушыдан эко-белсендіге айналудың» жеке үлгісімен таныстырады.

Экологияға бағдарланған кәсіпкерлер қайта өндеу және полиэтилен пакеттерінің баламалары туралы әңгімелейді.

«Біз сізді күтеміз! Шындығында, бір адам әлемді өзгерте алады! Бірақ ... егер біз көп болсақ, біз мұны әлдеқайда жылдамырақ жасаймыз! », - делінген  ұйымдастырушылардың әлеуметтік желілерде таралған хабарламасында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109