907

16 сәуірден бастап № 2, 32 және 73 бағдарлардың қозғалыс бағыты өзгереді

Күмісбеков көшесінің Сейфуллин және Абай көшелерінің аралығында жатқан бөлігінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автобус қозғалысына уақытша шектеу қойылатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған жол бөлігімен жүретін қоғамдық көліктің қозғалысына 16 сәуірден 1 шілдеге дейін шектеу қойылады.

№ 2 бағдар «Бал бала» балабақшасы бастапқы аялдамасынан Күмісбеков және Сейфуллин көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қозғалады. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға бұрылып, Жеңіс даңғылына, Жеңіс даңғылынан оңға бұрылып, Тілендиев даңғылына өтеді. Одан әрі автобус әдеттегі қозғалыс сызбасына сәйкес жүреді. Автобус кері бағытта да жоғарыда аталған сызбаға сәйкес қатынайды.

№ 32 бағдар «Бал бала» балабақшасы бастапқы аялдамасынан Күмісбеков және Сейфуллин көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қозғалады.  Бұдан кейін қоғамдық көлік оңға бұрылып, Сарыарқа даңғылына, солға бұрылып, Кенесары көшесіне өтеді. Одан әрі автобус әдеттегі қозғалыс сызбасына сәйкес қатынайды. Автобус кері бағытта да жоғарыда аталған сызбаға сәйкес қатынайды.

№ 73 бағдар «Бал-бала» бастапқы аялдамасынан Күмісбеков және Сейфуллин көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін Сейфуллин көшесімен тура жүріп, әдеттегі қозғалыс сызбасына сәйкес қатынайды. Автобус кері бағытта да жоғарыда аталған сызбаға сәйкес жүретін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109